Шекарадағы өткізу бекеттері жаңғыртылады

7 Қараша 2019, 12:10
1781
Бөлісу:
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңғыртылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов қазіргі шекарадағы өткізу бекеттерінің қауқары көлік ағынын қабылдауға жетпей отырғанын айтты. 

Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева шекаралық кеден инфрақұрылымы мен өткізу бекеттеріне қатысты мәселелер барын айтып, қаржы министрінің бірінші орынбасарынан қандай іс-шаралар жүргізіліп жатқанын айтты.  

Мұндай мәселелер бар. Өзбекстанмен тауар айналымы айтарлықтай артып, өткізу бекеттері қамтамасыз ете алмай отыр. Тәулігіне бекеттер 50 машинаны өткізуге қабілетті болса, бүгінде 200-ден асып отыр. Бұл мәселені Өзбекстан, Ресей тарапымен бірлесе өткізу бекеттерін жаңғырту арқылы шешу көзделеді. Қазақстандағы барлық өткізу бекеттері индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне беріледі және олар жаңғырту жұмыстарын жүргізеді. Ресей тарапы да осындай шаралар қабылдау үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр, - деді Шолпанқұлов.  

Еске сала кетсек, бүгін Парламент Сенатының отырысында "1994 жылғы 15 сәуірдегі Кеден істеріндегі ынтымақсаттық және өзара көмек туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы қаралып, мақұлданған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы