Шекарада 600 мыңнан астам қорап темекі тәркіленді

7 Тамыз 2019, 10:11
1484
Бөлісу:
Шекарада 600 мыңнан астам қорап темекі тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Акциздік маркалары мен құжаттары жоқ темекі қораптары автокөлікті тексеру кезінде қарбыздың астынан табылды, деп хабарлады Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.


"Жайсан" шекара автобекетінде Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері мемлекеттік шекарадан өткен Volvo маркалы автокөлігіне тексеріс жүргізді. Автокөлікті тексеру кезінде қарбыздың астынан акциздік маркалары мен іліспе құжаттары жоқ 612 500 қорап темекі табылды", - делінген таратылған ақпаратта.

Осы факт бойынша барлық материалдар ҚР Қылмыстық Кодексінің 233, 234 баптарына сәйкес Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу Департаментіне берілді.

Өзгелердің жаңалығы