Шекарада 18 млн теңгенің тауары тәркіленді

2 Мамыр 2019, 13:27
2723
Бөлісу:
Шекарада 18 млн теңгенің тауары тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.


«Батыс» Өңірлік басқармасының шекарашылары Ресейге қарай және Ресейден Қазақстанға қарай Мемлекеттік шекарадан заңсыз,рұқсат құжаттарынсыз алып өтпек болған, жалпы бағасы 18875119 теңгенің тауарын жергілікті Мемлекеттік кіріс департаментеріне тапсырды.

"Орал шекара отрядының «Сырым авто», «Ақсай авто», Ақтөбе шекара отрядының «Жайсаң авто», «Әлімбет авто», «Қарашатау авто» бөлімшелерінде тәркіленген тауарлардың ішінде Ресейге қарай заңсыз өткізбек болған бұрын пайдалынылған темір контейнерлер, темір сынықтары, битум, ағаш материалдары, Қазақстанға кіргізбек болған азық-түлік өнімдері, дәрі-дәрмек те бар", - делінген таратылған ақпаратта.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының шекаралық кемелері Каспий теңізінде Мемлекеттік шекараны күзете жүріп 2500 м ау, 1200 данадан астам ілмекті аулау құралдары мен өзге де браконьерлік құралдарды тауып, 100 кг-ға жуық бекіре тұқымдас және басқа да қымбат бағалы балықтарды тірідей құтқарды. Осылайша, мемлекетке келтірілуі мүмкін 3 370 622 теңге шығынның алды алынды.


Өзгелердің жаңалығы