Шекара қызметкерлерінің арасында спорттан ашық турнир өтті

14 Тамыз 2022, 12:18
1203
Бөлісу:
Шекара қызметкерлерінің арасында спорттан ашық турнир өтті

Бүгін елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің құрылуының 30 жылдығына орай волейбол және шағын футболдан ашық турнир өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шекара қызметкерлері күні қарсаныңда ұйымдастырылған қалалық турнирді «Нұр-Сұлтан» шекаралық бақылау басқармасының бастығы, полковник Ержан Жұмабекұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сондай ақ салтантты рәсімге Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Сабитұлы да қатысып, жарыстың ашылуымен құттықтады.

Құрметті шекара қызметкерлері сіздерді шекара қызметі құрылуының 30 жылдығын мерекелеу аясында өтіп жатқан бүгінгі волейбол мен футболдан қалалық ашық турнирдің  ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Шекара қызметінің талаптары кей спорт түріне ұқсас. Мысалыға спортта спортшының жылдамдығы мен тез шапшандығы басым болу керек. Шекара қызметінің де талаптары осындай. Өйткені мұнда әрбір сәт санаулы, - деп атап өтті  қалалық спорт басқарма басшысы Самат Жылқыбаев.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қалалық спорт басқарма басшысы шекарашыларды алда келе жатқан кәсіби мейрамдарымен құттықтады.

Сіздерді алда келе жатқан кәсіби шекарашылар күнімен және шекара қызметі құрылуының 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ұлан-ғайыр мемлекеттік шекарамызды қорғаудағы еңбектеріңіз орасан. Сіздердің қиын да абыройлы, жауапкершілігі мол істеріңізге табыс, мықты денсаулық, қажымас қайрат тілейміз. Жауапты қызметтеріңізде қашанда табыстан табысқа жете беріңіздер! Еліміз аман, шекарамыз тыныш болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын, шекара шебінің сарбаздары!, - деп жылы лебізін білдірді.

Аталмыш додада Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті, Нұр-Сұлтан қаласының шекаралық бақылау басқармасы мен желілік полиция бөлімі және Н.Назарбаев атындағы әуежай командалары өзара бақ сынасты.

ҰҚК Шекара қызметінің құрылуының 30 жылдығына орай елордадағы Шекара қызметіне бағынысты мекемелер арасында жарыс өтіп жатыр. Мұндай іс-шаралар қызметкерлер арасында жиі өтіп тұрады. Шекара қызметінде жұмыс істеген аға буын өкілдері мен қызмет атқарып жүрген әріптестерімді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын, - деді Нұр-Сұлтан шекаралық бақылау басқармасы бастығының орынбасары Рахат Нұрғалиев.

Тартысты өткен додада волейбол спортынан жеңісті Нұр-Сұлтан шекаралық БАҚ басқармасы өз қанжығасына байлады. Нұр-Сұлтан шекаралық БАҚ бөлімінің 1-бөлімшесі мен 2-бөлімшесі екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.

Волейболдағы үздік ойыншылар:

Үздік шабуылшы: Мақсат Дүйсен;

Үздік ойыншы: Тынық Жақсылықов;

Үздік қорғаушы: Гауһар Онайбаева;

Үздік үйлестіруші: Нұрбол Аманжолов.
 
Ал шағын футболдан «Н.Назарбаев атындағы халықаралық әуежай» АҚ 1-орынды, «Жігер» командасы 2-орынды Нұр-Сұлтан қаласының желілік полиция бөлімі 3-орынды жеңіп алды. Мұрат Жанәлі «Үздік шабуылдаушы, Елдос Әлімқұлов «Үздік ойыншы», Мұқан Бейсенқұлов «Үздік қорғаушы», Айдос Мерлібаев «Үздік қақпашы» атанды.

Өзгелердің жаңалығы