Шекара қызметінің бұрынғы директоры ұсталды

22 Маусым 2022, 20:44
885
Бөлісу:
Шекара қызметінің бұрынғы директоры ұсталды
Фото: ҰҚК

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры болған генерал-лейтенант Дархан Ділманов билікті асыра пайдалану фактісі бойынша ұсталды.

 Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылғы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде бұрынғы ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділманов,  Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті «Нұр Жолы» шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Н. Арысбаев және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы