Шекара маңындағы ауылдағы қызметкерлерге 50%-ға дейін үстемеақы төлеу керек

28 Ақпан 2024, 09:02
933
Бөлісу:
Шекара маңындағы ауылдағы қызметкерлерге 50%-ға дейін үстемеақы төлеу керек
Фото: Артём Чурсинов - архив

Сенатор Жанболат Жөргенбаев ауылды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға көңіл бөлу мен ауылдың инфрақұрылымына байланысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалпы, шалғай және шекара маңындағы елді мекендерді дамыту және жаңғырту ұлттық қауіпсіздік мәселесі бойынша стратегиялық маңызды. Шекара маңындағы ауылдардағы бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталған бөлек бюджеттік бағдарлама ашу қажет (моноқаланы дамытуға бағытталған бюджеттік бағдарлама аналогиясы бойынша), - деді депутат.

Ол мемлекет құрылыс саласымен айналысып жүрген ірі кәсіпорындармен бірлесіп шалғай елді мекендерде шикізатты өңдейтін жергілікті өндіріс ошақтарын ашуы қажет екенін айтты.

Қолданыстағы заңнамада белгіленген ауылдық үстемақыдан тыс мемлекеттік шекараға 50 шақырым жақын орналасқан ауыл қызметкерлері үшін лауазымдық жалақыға 25%-дан 50%-ға дейінгі мөлшерде (республикалық бюджеттен) үстемақы белгілеу арқылы жас мамандар үшін ауылдық жерлерде, шекара маңындағы аумақтарда еңбек қызметін жүзеге асырудың тартымдылығын арттыру қажет, - деді Жанболат Жөргенбаев.

Анықтама үшін: Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен ауылдық жердегі жұмысы үшін 25% мөлшерінде үстемеақы белгіленген.

Өзгелердің жаңалығы