Мұсылмандарға шегірткенін етін жеуге бола ма? Шегіртке халал ма? ҚМДБ "Шариғат және пәтуа бөлімінің" маманы Елбек Тасболатұлы жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Терамо университетінің (Италия) диетологтары шегірткелердің, жібек құрттарының және құмырсқалардың денелерінде көп мөлшерде антиоксиданттар мен басқа да пайдалы заттар бар екенін анықтады. Олардың сөзінше, бұл етке балама бола алады.
Жалпы, бұл - (еск -шегіртке етін жеу) Ханафи мәзхабы қашан құрылды содан бері бар дүние. Пайғамбарымыздың хадисі бойынша екі өлексе адал. Шегірткені жеуге рұқсат етілген. Мәселен, өз басым ет жемей қиналып, шегіртке етінен басқа нәрсе таппасам шегірткеден ауыз тиіп көрер едім. Егер тәбетім келсе жейтін едім. Шариғатта рұқсат болғандықтан арам дүние емес, соны түсіну керек. Демек, мұсылманның түсінігінде шариғат адал қылған нәрсенің зияны болмайды, - деді Тасболатұлы.
Еске салайық, Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғалин шегірткенің етіне қатысты ойын айтқан болатын.
Шегіртке бізде қашан да болған нәрсе мамонт пен динозавордың құрдасы да шығар. Зиянкестермен бұрын да күрескенбіз, қазір де күресе беретініміз анық. Кей елдер шегірткеден ақуызы бар керемет тағам өндіруді қолға алған. Негізіне бұл халал өнім, – деді Жұманғарин.