Шегірткелерден келетін қауіп сейілді

30 Маусым 2022, 16:40
1603
Бөлісу:
Шегірткелерден келетін қауіп сейілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл облыстағы 46 728 гектар жерге зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілмек. Қазіргі таңда ерекше қауіпті шегіртке қарсы 57 670 гектар жер заласыздандырылса, азиялық шегірткеге қарсы 48 120 мың гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілді. 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте егіншілік және тұқым шаруашылығы бөлімінің басшысы Жүсіпбек Әжібеков хабарлады.

Оның айтуынша, облыс аумағының көп бөлігіне залалсыздандыру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Бүгінде шегірткелерден келетін қауіп сейілген. 

Осы жылы зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық іс-шараларды тиімді жүргізу мақсатында Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясымен бірлесіп арнайы жұмыс жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес 46 728 гектар жерге заласыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын «Авиакомпания» Дельта-ЮГ ЖШС арқылы ұйымдастырылады. Сонымен қатар 134,5 мың гектар алқапқа зерттеу жұмыстары жүргізілген болатын. Нәтижесінде, 32,7 мың гектар жер қайта өңдеуге жатқызылды, - деді Жүсіпбек Әжібеков.

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарына зиянды және ерекше қауіпті организмдерге қарсы 5048,40 мың гектар жерге мониторинг жүргізілді. Сондай-ақ, шегірткеге қарсы фитосанитариялық күреске 4 арнайы жер агрегаты және 2 жеңіл ұшақ қамтамасыз етілді.

Зиянды шегірткелерге қарсы өңдеу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп, нәтижесінде ауыл шаруашылық құрылымдарына ешқандай зиян келмеді. Фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу жөніндегі шараларды бірлесіп атқару мақсатында көршілес Түркістан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарымен келісім шарт жасалды, - деді ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешені мемлекеттік инспекциясы комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Жанат Дүзелбаева.

Саят шегірткелерінің бір ерекшелігі – өте тез арада дамитын жәндік болып табылады. Бұл шегіртке егістікке және ауыл шаруашылығы өнімдеріне залал келтірмейді. Бүгінде зиянкестерге қарсы барлық техникалар жүйелі түрде жұмыс істеуде, - деді «Дельта ЮГ» ЖШС өкілі Мұрат Артықов.

Өзгелердің жаңалығы