Қазақстанда 2,8 млн гектар аумақта шегірткеге қарсы өңдеу бойынша қорғау іс-шаралары аяқталды, бұл болжанған көлемнің 110%-ын құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше, барлығы 15,8 млн гектар зерттелді, бұл жоспардың 92,4% құрайды.
13 облыста — Абай, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу облысы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Түркістанда жұмыс толығымен аяқталды.
Ақмола, Ақтөбе және Қостанай облыстарында италиялық шегіртке түрәне қарсы өңдеу жұмыстары жалғасуда.