Шайтанкөл шатқалында қарда жүретін көлікпен жүрген туристер тұрып қалды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі оқиғаны нақтылады.

 pexels.com Кеше 2026, 05:30
Кеше 2026, 05:30
879
Фото: pexels.com

Кешкі уақытта Қарқаралы ауданы аумағында қарда жүретін көлікпен серуендеуге шыққан екі демалушы қауіпті жағдайға тап болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шайтанкөл тауынан демалыс үйіне қарай түсіп келе жатқан ер адамдар терең тау шатқалында қар құрсауында қалып қойған.

Қар тұзағына түскен олар 112 нөмірі арқылы көмек шақырған. Жағдайды қараңғылықтың түсуі қиындата түсті. Қалың қар, құлаған ағаштар мен қар астындағы өткір тастар түнде жолды мүлде қолжетімсіз етуі мүмкін еді.

Қауіпті таулы-скалалы рельефке байланысты арнайы техника оқиға орнына толық жете алмаған. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары экстремалды жағдайда қолмен жол ашып, техниканы және адамдарды босатуға мәжбүр болды.

Екі азамат та аман-есен эвакуацияланды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

 

 

Наверх