Шавкат Рахмоновтың UFC чемпионымен жұдырықтасатын уақыты белгілі болды

1 Қазан 2024, 18:11
369
Бөлісу:
Шавкат Рахмоновтың UFC чемпионымен жұдырықтасатын уақыты белгілі болды
Фото: ©UFC

Британиялық журналист Бен Смит Vesti.kz тілшісіне қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) жартылай орта салмақта UFC чемпионы Белал Мухаммадпен (24-3) желтоқсанда жұдырықтасатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Рахмонов сөзсіз чемпиондық айқасқа басты үміткер. Белалдың өзі қорғауды Шавкатқа қарсы өткізгісі келетінін айтты. Оның үстіне Шавкатқа да «чемпиондық айқасқа дайын бол» делінген. Мұның бәрі Дана Уайт оған мүмкіндік беруге дайын екенін көрсетіп отыр. Рахмоновпен жекпе-жекке шықпаудың жалғыз жөнді себебі – ол Махачевпен айқас. Алайда олай болмайды, сондықтан Рахмонов қана қалды. Бастысы, спортшылар дайындық кезінде жарақат алып қалмаса болғаны. Мен Шавкат пен Белал арасындағы айқас желтоқсанда өтеді деп отырмын. Басымдық кімде екенін айту қиын. Екеуі де грепплингте мықты. Мүмкін әмбебаптық арқасында қазақстандықта аздаған басымдық болады. Дегенмен айқас немен бітері белгісіз, – дейді Смит.

Өзгелердің жаңалығы