Қазақстандық спортшы бұдан былай мерзімінен бұрын жеңіске жеткен жекпе-жек саны бойынша көшбасшы емес, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұған дейін Шавкат Рахмонов (17-0) қатарынан 5 жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа жіберіп, осы көрсеткіш бойынша UFC-те көш бастап келген еді. Алайда оны ресейлік файтер Сергей Павлович (18-1) озды. Мәселен осы демалыста Сергей қатарынан 6-шы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа жіберді.
Шавкат Рахмонов UFC-дегі 5 жекпе-жегінде Алекс Оливейраны (24-13-1), Мишель Празеристі (27-4), Карлстон Харристі (17-5), Нил Мэгниді (27-10) және Джефф Нилді (15-5) жеңген болатын. Қазір ол жартылай орта салмақтағы болашағы зор спортшы саналады.