Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев танымал аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың еліміздің халықаралық аренадағы оң имиджін нығайтуға қосқан үлесін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
"Барыс" орденінің ІІ дәрежесімен атақты спортшы Шавкат Рахмонов марапатталады. Ол еліміздің шынайы бейнесін қалыптастыруға және шетелде Қазақстанды кеңінен танытуға зор еңбек сіңіріп жүр, – деді Мемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты жиында.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов – UFC додасында өнер көрсететін алғашқы қазақстандық спортшы, бүгінге дейін жеңіліс көрмеген және әлемдегі аралас жекпе-жек жанкүйерлері арасында зор беделге ие.
Еске салсақ, UFC Шавкат Рахмоновты әлемнің үздік жауынгерлері тізімінен алып тастағаны хабарланған болатын.