Шавхат Рахмоновтың әйелі ұшыраған жол апатының бейнежазбасы пайда болды. Бейнежазбаны Жамбыл облыстық полиция департаменті жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
27 шілдеде сағат 08:50 шамасында республикалық маңыздағы "Алматы-Екатеринбург" автожолының 299-шақырымында "Toyota Land Cruiser 200" маркалы автокөліктің жүргізушісі Қарағанды облысы жағынан Алматы қаласы бағытына қарай келе жатып, рульге ие бола алмай, автокөлік аударылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерекке қатысты "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғуы" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп жазылған Жамбыл облысы полиция департаментінің өкілі Құндыз Бөгенбаева.
Полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтау және оқиғаның нақты себептерін объективті зерттеу үшін барлық қажетті шараларды жүргізуде. Көлік арнайы тұраққа қойылды.
Еске салайық, бұған дейін Шавхат Рахмоновтың әйелі жол апатына ұшырағаны хабарланды.
Сондай-ақ, Шавкат Рахмоновтың әйелі мен баласы жол апатынан соң ауруханадан шыққаны белгілі болды.