Ұлыбританияның Лондон қаласында 1766 жылы жасалған сирек фарфор тәрелке аукционға қойылды. Eastern Daily Press басылымының жазуынша, оның болжамды құны 20 мың фунт стерлингке дейін жетуі мүмкін, бұл шамамен 10 миллион теңге, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Фарфор тәрелке 50 жылдан астам уақыт бойы шатырда сақталған. Ол киім дизайнері Аннемари Лоббенберг жинаған коллекцияның бір бөлігі болып шықты. Әйел XVIII ғасырда кең танымал болған Лоустофт қаласындағы фарфор фабрикасының өнімдеріне ерекше қызығушылық танытқан. Табылған тәрелке де дәл осы фабриканың туындысы.
Тәрелкенің бетінде гүл – ушковидная примула бейнеленген. Ал артқы жағында «Чарльз Уорд, 1766 жылғы 5 шілде» деген жазу бар. Мамандардың айтуынша, бұл бұйым арнайы бір адамға сыйға тарту үшін жасалған болуы мүмкін.
Аннемари Лоббенберг аталған тәрелкені 1968 жылы Вустер, Дерби және Стаффордшир шеберханаларында жасалған ыдыс-аяқтармен бірге сатып алған. Алайда туыстары бұл бұйымдардың құнды екенін білмегендіктен, дизайнер өмірден өткен соң, коллекцияны сол күйі шатырда қалдырған.
Коллекция 22 қаңтар күні Woolley and Wallis аукционында сатылымға шығарылады.