Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Шашын жұлып, ұрып тастаған": Қарыз болған таныстарын соққыға жыққан екі зейнеткер жазаланды

Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Ақмола облысында егде жастағы екі әйел қарызын қайтармаған таныстарын шашынан жұлып, ұрып-соққан, деп хабарлайды BAQ.KZ  тілшісі.

Ақмола облысының соты екі зейнеткер әйелге қатысты үкімді жариялады. Олар қарыз болған таныстарын ұрғаны анықталды. 

Сот 72 жастағы Макинск тұрғыны мен оның 89 жастағы тәтеcінің ісін қарады. Екеуі де қарыз болған таныстарын ұрып-соққаны үшін кінәлі деп танылды.

Сотта анықтағандай, оқиға үйдің подъезінде болған. 

Белгілі болғандай, ұрыс кезінде зардап шеккен адам баспалдаққа құлаған. Сол сәтте шабуыл жасаған 72 жастағы әйел оны шашынан ұстап, кейін тәтеcімен бірге оның басынан соққы жасаған. Зардап шеккен адам «жабық бас ми жарақаты және ми шайқалуы» диагнозымен ауруханаға жеткізілген.

Сот екеуіне де 7 ай мерзімге бостандықты шектеу жазасын тағайындап, пробациялық бақылау орнатты. Сонымен қатар, сотталғандардан бірлесіп 130 мың теңге материалдық шығын, 500 мың теңге моральдық зиян және 200 мың теңге сот шығындары өндірілді, - деп жазылған Ақмола облысы сотының хабарламасында. 

Апелляциялық коллегия үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сот шешімдері заңды күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы