Шаштың түспеуіне көмектесетін сусын анықталды

4 Желтоқсан 2020, 09:55
2041
Бөлісу:
Шаштың түспеуіне көмектесетін сусын анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар шаштың түспеуіне көмектесетін сусынды атады, деп хабарлады Хабар24.

Daily Express хабарлауынша, зерттеушілер көк шайдың құрамында катехиндер сияқты органикалық заттар бар екенін дәлелдеді. 

Олар тестостерон мен дигидротестостеронның шаштың қалыпты өсуіне кедергі келтіретін жағымсыз әсерін тоқтатады. Зерттеу барысында мамандар шаштың түсуінен зардап шегетін науқастардың бас терісіне көк шай сығындысын жаққанын айтты. 

Тәжірибеге қатысқандардың көпшілігі шаштары жылдам өскенін хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы