Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 мамырдан бастап, елдегі шаштараз және ақша айырбастау орталықтары жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында айтылды.
Ауданы 500 шаршы метрді құрайтын азық-түлік емес дүкендер 17:00-ге дейін (барлық түрлері), фото дүкендер, гүл сататын дүкендер ашылады.4 мамырдан бастап жұмыстарын жалғастыратындар:
- сағат 17: 00-ге дейін ауданы 500 шаршы метрді құрайтын азық-түлік емес дүкендер (барлық түрлері);
- фото дүкендер, гүл сататын дүкендер;
- шаштараздар (тағайындау бойынша);
- медициналық орталықтар (тағайындау бойынша);
- стоматологиялық клиникалар (тағайындау бойынша);
- жылжымайтын мүлік компаниялары, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;
- микроқаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.