Шаш түсуін тоқтататын әдіс анықталды

30 Қараша 2020, 16:22
26066
Бөлісу:
Шаш түсуін тоқтататын әдіс анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шаштың түсуі В12 дәруменінің тапшылығымен байланысты болуы мүмкін. Себебі ол қанның қызыл денелерінің саулығына жауап беріп, шаш фолликулдарын оттегімен қамтамасыз етуге септеседі.

Бұл туралы Express газеті жазды.

Британиялық трихолог Филипп Кингслидің айтуынша, шаштың қалыпты өсуі үшін қажет В12 дәрумені ағзада көп жағдайда тапшы болады.

Оның сөзінше, В12 жүйке жүйесінің жұмысын реттеп, адам РНК қалыптасуында маңызды рөл ойнайды. Бұдан бөлек қанның қызыл денелерінің саулығын қамтамасыз етіп, соның арқасында олар шаш фолликулдарын оттегімен қамтамасыз етеді.

Ағзада В12 дәрумені тапшы болған кезде шашқа оттегі жетіспей, олардың қалыпты өсуі тежеліп, түсе бастайды.

Дәрумен тапшылығының орнын толтыру үшін арнайы қоспалар, В12-ге бай азық-түлікпен тамақтанған дұрыс.

Үй құсы, бауыр, жұмыртқа, ақсерке, нәлім (треска), сүт, соя сүті, астық дақылдары, ашытқы.

Өзгелердің жаңалығы