Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұйғыр ауданындағы Шарын шатқалының төменгі бөлігінде лай көшкіні жүріп, салдарынан 6 адам зардап шегіп, 2 адам қайтыс болды
Оқиға орнынан куәгерлердің түсірген видеосын ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли жариялады.
Естеріңізге сала кетейік, Шарын шатқалында лай көшкінінен 2 адам қаза болып, 6 адам зардап шекті.
Оның ішінде біреуі кәмелетке толмаған. 1 адам із – түссіз жоғалып кетті. Зардап шеккен адамдарға шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Із-түссіз жоғалып кеткен адамды іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.