Шарын шатқалында бейнекамераны қолдану үшін 50 мың теңге төлеу керек пе? – министрлік жауап берді

22 Желтоқсан 2021, 14:18
4665
Бөлісу:
Шарын шатқалында бейнекамераны қолдану үшін 50 мың теңге төлеу керек пе? – министрлік жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Шарын шатқалы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде бейнекамераны қолдану үшін 50 мың теңге талап етіле ме?

Бұл сұраққа орталық коммуникациялар алаңында Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев жауап берді.

Осы мәселе бойынша 10-15 туристен шағым түсті. Бұл сұраққа біз жауап бере алмаймыз. Себебі мемлекеттік саябақтар Экология министрлігіне қарайды. Сондықтан қандай себеппен тыйым салынғанын білмейміз. Бірақ бұл мәселені қарастырып, алдағы уақытта толық жауап беруге тырысамыз, – деді вице-министр.

Сондай-ақ Мәдениет және спорт Ақтоты Райымқұлова еліміздегі туризм саласын цифрландыру мәселесі министрліктің айрықша назарында екендігін айтты.

«Турстат», «E-QONAQ», «Kazakhstan.travel» ақпараттық жүйелеріі әзірлеіп, «Tourism online» коммуникациялық цифрлық платформасы іске қосылды. Сондай-ақ, елдің туристік әлеуетін ішкі және сыртқы нарықтарда ілгерілету, туристік өнімдерді дамыту және елдегі саланы стандарттау бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп оты. «Хабар 24» республикалық телеарнасында «Саяхат Тайм» телебағдарламасы үшін туризмді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы 4 бейнематериал дайындалды, – деді Райымқұлова.

Өзгелердің жаңалығы