Шаруаларды суармалы сумен қамтамасыз ететін 8 жоба аяқталады

Бүгiн, 10:31
133
Бөлісу:
Шаруаларды суармалы сумен қамтамасыз ететін 8 жоба аяқталады
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Биыл Павлодар облысының шаруаларын суармалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған 8 жоба аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды. Ведомство басшысы «Ертіс-Успен» каналын реконструкциялау барысымен танысты, сондай-ақ басқа да бірқатар нысанды аралады.

Бүгінгі таңда Павлодар облысы бойынша «Қазсушар» филиалы өңір шаруаларын суармалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған 8 жобаны жүзеге асырып жатыр. Олардың барлығын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Бұл жобаларды іске асыру суармалы жерлердің көлемін 18 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, бұл аумақтың барлығы су үнемдейтін технологиялармен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда мұнда жаңбырлатып суару әдісі пайдаланылады, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Өзгелердің жаңалығы