Шаруалар үшін арзан дизель отынын жеткізуші оны нарықта жоғары бағамен сатқан

11 Тамыз 2022, 12:05
910
Бөлісу:
Шаруалар үшін арзан дизель отынын жеткізуші оны нарықта жоғары бағамен сатқан

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚМА мұнай өнімдерін заңсыз экспорттау мен алыпсатарлыққа тосқауыл қою жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті облыс прокуратурасымен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында операторлардың бірінің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өтініші бойынша арзандатылған дизель отынын жеткізуге арналған монополиялық жағдайын теріс пайдалану фактісін анықтады.

Мәселен, 2020-2021 жылдары жалпы көлемі 12,5 мың тоннадан астам төмендетілген бағамен дизель отынын алған ЖШС ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне бар болғаны 10,3 мың тоннасын жеткізген. Ал қалған 2,2 мың тонна көлемінде дизель отынын серіктестікке тиесілі жанар-жағармай құю станциялары желісі арқылы сатып, 74,4 млн теңге көлемінде қосымша кіріс алған. 

Осылайша, серіктестік әрекетінде Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған арзандатылған дизель отынын сатуда монополистік жоғары баға белгілеу фактілері байқалады. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Құрметті азаматтар! Мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, сатып алу, сату және сақтау фактілері анықталған жағдайда, Агенттіктің сенім телефондарына және ҚМА аумақтық департаменттеріне хабарлауыңызды сұраймыз. 

№ п/п

Департамент

 

Байланыс номері

Контактные номера

1.

Нұр-Сұлтан қ. ЭТД

ДЭР по г. Нур-Султан

87172 (76-79-43)

2.

Ақмола обл. ЭТД

ДЭР по Акмолин. обл.

87162 (25-62-84)

3.

Алматы қ. ЭТД

ДЭР по г. Алматы

87272 (79-29-56)

4.

Алматы обл. ЭТД

ДЭР по Алматин. обл.

87272 (51-71-06)

5.

Шымкент қ. ЭТД

ДЭР по г. Шымкент

87252 (77-14-48)

6.

Ақтөбе обл. ЭТД
ДЭР по Актюбин. обл.

87132 (97-51-51)

7.

Атырау обл. ЭТД
ДЭР по Атырау. обл.

87122 (35-42-10)

8.

ШҚО обл. ЭТД
ДЭР по ВКО

87232 (24-06-05)

9.

Жамбыл обл. ЭТД
ДЭР по Жамбыл. обл.

87262 (34-76-26)

10.

БҚО обл. ЭТД
ДЭР по ЗКО 

87112 (53-84-27)

11.

Қарағанды обл. ЭТД
ДЭР по Карагандин. обл.

87212 (56-70-00),

12.

Қостанай обл. ЭТД
ДЭР по Костанай. обл.

87142 (53-60-26)

13.

Қызылорда обл. ЭТД
ДЭР по Кызылордин. обл.

87242 (21-54-65, 21-52-09)

14.

Маңғыстау обл. ЭТД
ДЭР по Мангистау. обл.

87292 (40-36-59)

15.

Павлодар обл. ЭТД
ДЭР по Павлодар. обл.

87182 (61-33-05)

16.

СҚО обл. ЭТД

ДЭР по СКО

87152 (46-98-18)

17.

Түркістан обл. ЭТД
ДЭР по Туркестанской обл.

872533 (5-77-65)

18.

ҚР ҚМА Орталық аппараты
Центр.аппарат АФМ РК

87172 (70-84-78)

Өзгелердің жаңалығы