Шаруалар "мал аламын" деп алған 189 млн теңге қаражатын басқа мақсатқа жұмсаған

19 Ақпан 2024, 18:11
1576
Бөлісу:
Шаруалар "мал аламын" деп алған 189 млн теңге қаражатын басқа мақсатқа жұмсаған
Фото: Арман Мухатов - архив

Ақтөбеде шаруа қожалықтарының басшылары алаяқтық жасады деп күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облысының прокуратурасы Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың заңдылығын тексеру нәтижелері бойынша кредиттік қаражатты мақсатсыз жұмсау фактілерін анықтады.

"Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ Ақтөбе филиалымен "Сыбаға" және "Агробизнес" мемлекеттік бағдарламалары бойынша шаруа қожалықтарына ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу үшін кредиттік қаражат берілген. Алайда 3 шаруашылықпен ірі қара малдары сатып алынбай, жалпы сомасы 189,5 млн теңге несие қаражаты басқа мақсаттарға жұмсалған, - делінген прокуратура хабарламасында.

Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болуына байланысты материалдар ЭТД-не жіберілді.

Олар бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қазіргі уақытта тергеу нәтижелері бойынша 1 қылмыстық іс сотқа жіберілді, 2 іс бойынша тергеу жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы