Өнеркәсіп және құрылыс министрі «ЭЙКОС» ЖШС-де болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«ЭЙКОС» компаниясы шиналарды қайта өңдеумен айналысады және сонымен қатар шина өнімдерін ең ірі жеткізушілердің бірі болып табылады.
Ағымдағы жылы «Дайын өнім шығаратын автокөліктерді пайдалану кезінде пайда болатын қалдықтарды қайта өңдеу кешенін кезең-кезеңімен салу» жобасы жүзеге асырылуда. Жоспарланған қуаттылығы 5,7 мың тонна пайдаланылған шина құрайды. Жобаның құны 2,3 млрд теңге, сондай-ақ 100 жаңа жұмыс орны ашылады.
Шілде айынан бастап 2 000 т астам істен шыққан доңғалақ тыстарын жинадық. 1300 т астам шикізат өңделіп, одан 600 т жуық резеңке үгіндісі, 287 т астам металл шнур, 65 тоннаға жуық мазут және осыншама мөлшерде жанармай түйіршіктері алынды. Қазіргі уақытта компания өзінің шикізат жинау жүйесін құрумен айналысуда. Технологиялық процестерді жөнге келдіру аяқталуға жақын, біз өз өнімдеріміздің сапасын арттыру үшін жұмыс істеп жатырмыз, – атап өтті «ЭЙКОС» директоры А. Соловьев.