Шардара СЭС-інде заңсыз майнинг фермасы анықталды

3 Мамыр 2022, 09:09
1740
Бөлісу:
Шардара СЭС-інде заңсыз майнинг фермасы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысындағы Шардара СЭС-інде заңсыз жұмыс істеген майнинг фермасы анықталды.  Бұл туралы облыс бойынша Экономикалық тергеу департаменті Тергеу басқармасының басшысы Жандос Кенжебаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Оның айтуынша, заңсыз майнинг фермасы 10 айда шамамен 445 млн теңге пайда тапқан. 

Шардара ауданы "Шардара СЭС" АҚ жанынан майнинг фермасы анықталды. Ферма кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысып, қомақты көлемде пайда тапқан. Криминалист 2021 жылғы наурыз-желтоқсан аралығында майнинг ферма 444 млн 818 мың 941 теңге табыс тапты деп қорытынды шығарды, – деді Жандос Кенжебаев брифингте.

Өзгелердің жаңалығы