Зардап шеккен барлық тұрғын үйге келтірілген залал толық көлемде өтеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аймақ басшысы су басқан үйлерге келтірілген залалды техникалық тексеруге және бағалауға екі апта уақыт берді.
Үйлерді абаттандыру жұмыстары басталғаннан кейін тұрғындардың ұсыныс-пікірі ескеріледі.
Егер олар үйлерді өз қалауы бойынша жөндегісі келсе, зиянның мөлшеріне байланысты қаражат толық көлемде аударылады. Баспанасы жарамсыз деп танылған азаматтар үшін сол орынға не өздері таңдаған жерде типтік жоба бойынша үй салынады, немесе шығын көлеміне қарай тұрғын үй сатып алып беріледі.