Шәпкенов ең төменгі жалақыны арттыру тапсырмасы қалай орындалатын айтып берді

2 Қыркүйек 2021, 10:26
1850
Бөлісу:
Шәпкенов ең төменгі жалақыны арттыру тапсырмасы қалай орындалатын айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минисстрі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында айтты.

«Кәсіптік біліктіліктер туралы» заң жобасын әзірлеу, көші-қон саясатының тұжырымдамасын әзірлеу, халықтың еңбек ұтқырлығы мәселелерінде жаңа тәсілдерді әзірлеу, ең төменгі жалақыны 42 500-ден 60 мың теңгеге дейін арттыру және азаматтық қызметшілердің кейбір санаттарының жалақысын өсіру, – деді ол.

Оның айтуынша, жаңа заң жобасы қызметкерлердің біліктілігі мен дағдыларын тануға, біліктілікке сәйкестікті бағалаудың үйлестірушісі болатын Ұлттық біліктілік органын құруға бағытталады.

Бұл құжатты қабылдау біліктілікті тану жүйесінің бірыңғай шарттарын біріздендіруді және белгілеуді, сондай-ақ мамандықтарға қол жеткізуді реттеу тәсілдерін бекітуді қамтамасыз етеді. Ел Президенті көші-қон процестерінің еңбек нарығына үлкен әсерін атап өтті. Осыған байланысты көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеу тапсырылды. Жаңа бесжылдық кезеңге (2022 – 2026 жылдар) арналған тұжырымдама жобасында: оңтүстіктен солтүстікке өңіраралық ішкі ұтқырлықты арттыру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, шетелде жұмыс істейтін қазақстандық азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау тетігін құру, қандастардың тұрақты тұруға Қазақстанға қоныс аударуға жағдай жасау, шетелдік мамандарды тарту бойынша реттелетін және икемді жүйені қамтамасыз ету көзделетін болады, – деді Серік Шәпкенов.

Шәпкенов Мемлекет басшысы жариялаған бастамаларға сәйкес еңбекақы төлеуді арттыру бойынша шаралар қабылданатынын айтты.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТЖ мөлшері 60 мың теңгені құрайды. Бұл шара 1 млн 650 мың жалдамалы қызметкердің ақшалай табыстарының өсуіне алып келеді. Бұл сондай-ақ разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, басқа да қызметкерлердің кірістерін арттыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, 4 жыл ішінде азаматтық қызметшілердің жекелеген 588 мың санатының жалақысын кезең-кезеңімен арттыру үшін Үкімет қаулысының жобасы әзірленеді. 2022 жылдан бастап олардың жалақысы жыл сайын 20% - ға артып, 2025 жылға қарай екі есеге артады. Ең төменгі жалақы 49 мыңнан 60 мың теңгеге дейін немесе 22% - ға өседі, – деп толықтырды министр.

Өзгелердің жаңалығы