«Шаңырақ»: Өтініш қабылдаудың II кезеңі басталды

22 Қыркүйек 2020, 15:22
1545
Бөлісу:
«Шаңырақ»: Өтініш қабылдаудың II кезеңі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы МО Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ МОФ директоры Медет Әбуғалиев мәлім етті.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жаңа бағыттарының бірі «Шаңырақ» пилоттық жобасы. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес баспаналы болуды көздеген қазақстандық азаматтарға жеңілдетілген шарттармен несие беру мақсатында әзірленді.

17 қыркүйектен бастап «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдаудың екінші кезеңін басталды. Енді 1986 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта әкімдікте үй кезегіне тұрған азаматтардан өтініш қабылдау басталды. Бағдарламаға қатысу үшін соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін отбасылық табыстың 3,1 бөлігін қамтиды. Яғни, 2020 жылы отбасының әр мүшесіне келетін табыс көлемі 101 271 теңгеден аспауы тиіс, - деді Медет Әбуғалиев.

Бағдарламаның бірінші кезеңінде 16 810 өтініш қабылданды. Қазіргі уақытта жалпы көлемі 5 млрд теңгеге 374 несиелік өтініш мақұлданды. Бағдарлама бойынша тұрғын үйді тек жаңадан салынған үйлерден ғана алуға болады. «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша пәтер алуға болатын құрылыс компанияларының тізімін және бағдарламаға қатысу туралы және төлем қабілеттілігін бағалау жөніндегі өтініштерін hcsbk.kz сайтынан ғана жүктеп алуға болады. Айта кетейік, өтініш беру мерзімі 2020 жылдың 17 қыркүйек пен 16 қазан аралығында жүреді.


Өзгелердің жаңалығы