Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шанхайда мейрамханалар қайта ашылуда. Қытайдағы ең ірі мегаполисте шектеу шаралары біртіндеп алынып жатыр, деп хабарлады «Хабар 24».
Десе де тамақтану орындары сақтық шараларын қатаң сақтауы керек. Сонымен қатар қонақтарға тамақтану орнында 1 жарым сағат отыруға ғана рұқсат етілген.
Ал қызметкерлер күн сайын ПТР-тест тапсыруы тиіс. Естеріңізде болса, 25 миллионнан астам халқы бар Шанхай наурыз айында локдаунға жабылған еді. Оған омикрон штамы түрткі болды.