"Шанхай, Нью-Йорк". Елімізде қандай жаңа халықаралық рейстер ашылады?

19 Желтоқсан 2023, 15:33
535
Бөлісу:
"Шанхай, Нью-Йорк". Елімізде қандай жаңа халықаралық рейстер ашылады?
Фото: Нұркен Алишев - архив

2024-2025 жылдары Мумбай, Токио, Сингапур, Шанхай және Нью-Йорк қалаларына рейстер ашылады. Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, халықаралық әуе тасымалдары бойынша қазіргі таңда 28 елмен 110 бағытта рейстер орындалады.

Соңғы екі жылда Милан, Доха, Абу-Даби, Эль-Кувейт және басқа да қалаларға 32 халықаралық авиамаршрут ашылды. Алдағы 2024-2025 жылдары Мумбай, Токио, Сингапур, Шанхай және Нью-Йорк қалаларына рейстер ашылатын болады. Осы жылы Қазақстанға ұшуға 6 шетелдік әуекомпанияға рұқсат берілді. Оған қоса, «ашық аспан» режиміне түзетулер енгізіліп, «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесін пайдалануға барлық шектеу алынып тасталды, - дейді Қарабаев.

Министр атап өткендей, бұл жұмыстың нәтижесінде 2024 жылғы 14 наурыздан бастап азиялық ірі лоу-кост «Air Asia» компаниясы Алматы – Куала-Лумпур бағытында рейстерді орындауға кіріседі және «ашық аспан» режимін қолдана отырып, Алматыдан әрі қарай Джидда қаласына рейстерді орындайтын болады.

Мұның бәрі нарықта бәсекелестікті күшейтеді және билеттердің қолжетілімдігін арттырады, - дейді ведомство басшысы. 

Бұған дейін Ақтөбе мен Қызылорда әуежайлары шетелдік инвестоларға берілетіні анықталды.

Өзгелердің жаңалығы