Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда шаңғымен трамплиннен секіру бойынша әлемдік бәсеке өтіп жатыр, деп хабарлайды Olmbic.kz.
Бірінші кезең аясындаіріктеу турнирлері өз мәресіне жетті. Алайда, Қазақстан құрамасының өкілдері басты додада бақ сынайтын 50 спортшы қатарына ене алмады.
Жарыс нәтижесі бойынша, Сергей Ткаченко 52-ші, Сабиржан Муминов, 54-ші, Данил Васильев - 58-ші орындарға ие болды.
Айта кетерлігі, екінші кезең Германияда өтсе, қалған екеуі Австрияда өтеді.