Шаңғы жарысынан Щучье қаласында өтіп жатқан Қазақстан кубогы аясында масс-стартта жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ерлер арасындағы жарыста Әмірғали Мұратбеков жеңіске жетті. Күміс жүлде Олжас Климинге бұйырса, қола медальға Виталий Пухкало ие болды, – деп жазылған ҚР ҰОК хабарламасында.
Әйелдер бәсекесінде Надежда Степашкина бірінші орын алды. Екінші болып Ксения Шалыгина мәре сызығын кессе, Дарья Ряжко үшінші орынды қанағат тұтты.