Маңғыстау облысында қатты шаңды дауыл соғады

6 Наурыз 2020, 09:10
2741
Бөлісу:
Маңғыстау облысында қатты шаңды дауыл соғады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары Маңғыстау облысында дауылды ескерту жасады.

6 наурызда Маңғыстау облысының кей жерінде тұман, күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады күші күндіз кей жерде 15-20 м/с, - делінген хабарламада.

Актау қаласында 6 наурыз оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

Өзгелердің жаңалығы