Шәмшінің 55 әні үшін небәрі 22 мың теңге төлеген: Депутат әділетсіздікке алаңдады

23 Сәуір 2025, 11:05
371
Бөлісу:
Шәмшінің 55 әні үшін небәрі 22 мың теңге төлеген: Депутат әділетсіздікке алаңдады
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Парламент Мәжілісінің депутаты Нартай Аралбайұлы авторлық құқықтарды қорғау мәселесін көтеріп, Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевқа авторлық қоғамдардың әрекетіне қашан нақты тосқауыл қойылатынын сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда елімізде 15-16 авторлық қоғам жұмыс істейді. Алайда олар авторлардың құқығын елеулі түрде бұзып отыр.

Мәселен, автордың шығармасы орындалып, соған түскен қаржының 70 пайызы авторлық қоғамның өзінде қалады, ал тек 30 пайызы ғана автордың өзіне беріледі. 2023 жылы бұл ұйымдарға 1 млрд 550 млн теңге түскен. Соның ішінде небәрі 439 млн теңге ғана авторларға жеткен. Бұл – өте даулы жағдай, – деді депутат.

Сәрсенғалиев Шәмші Қалдаяқовтың мысалын келтіріп, оның 55 әні орындалғаны үшін үш айда мұрагерлеріне небәрі 22 мың теңге төленгенін, ал қазір бұл сома 18 мың теңгеге дейін төмендегенін айтты.

Бұл авторлар құқығының тапталуы. Сондықтан нақты қашан шешіледі? Қашан осы әділетсіздікке тоқтау болады? Нақты мерзімін айтыңыз, – деп нақты сұрақ қойды депутат.

Министр Ерлан Сәрсембаев бұл мәселенің шешімі екі бағытта жүзеге асатынын атап өтті - заңнамалық және ұйымдастырушылық.

Біз авторларға өз туындыларының қайда және қанша рет пайдаланылғанын бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық платформаны әзірлеп жатырмыз. Ол күзге дейін дайын болады деп отырмыз. Ал заң қабылдау мерзімі – Парламенттің құзырындағы мәселе, – деді министр.

Ол заң күшіне енгенге дейін министрлік ұйымдастырушылық жағынан тиісті шараларды қолға алатынын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы