Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Шалқар» радиосы қосымша Павлодар облысының 20 000-нан астам тұрғыны үшін қолжетімді болады.
Бұл туралы АҚДМ баспасөз қызметі мәлім етті.Жоғарыда көрсетілген РТС қамту аймағына облыстың Май, Лебяжі және Павлодар аудандарының 37 елді мекені кіреді. «Шалқар» радиобағдарламасының сигналын 104,4 толқынында FM диапазонында қабылдауға болады.
Сонымен бірге 2021 жылғы 13-27 қыркүйек аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін «Аққулы» радиотелевизиялық стансасында таратушы антенна-фидер құрылғысын орнату және монтаждау бойынша жұмыстар жүргізіп отыр.
Жұмыстарды жүргізу барысында «Qazaq radıosy» және «Халық радиосы» радиобағдарламаларын тарату уақытша жоғалады.
«Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда акционерлік қоғамның call-орталығына мына нөмірлер арқылы хабарласа аласыз: 8 8000 800 193 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), +7(727) 2 581 500. Сондай-ақ abonent@otautv.kz. электрондық поштаға хабарлама жіберуге болады, - делінген хабарламада.