Шәкизат Қаратайұлы: Зорлық-зомбылық туралы заңның қатаңдайтынын оқып қуандық

5 Қаңтар 2024, 15:28
753
Бөлісу:
Шәкизат Қаратайұлы: Зорлық-зомбылық туралы заңның қатаңдайтынын оқып қуандық
Фото: Жеке мұрағаттан

«Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің миссиясы қоғамда саналы ата-ананың моделін, мәдениетін қалыптастыру. Осы тұрғыда бірлестіктің Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлынан Президенттің «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған сұқбаты туралы пікірін сұраған едік, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.

Қоғамда белең алып тұрған ерте жүктілік, зорлық-зомбылық, буллинг, лудомания, ажырасу секілді мәселелерді шешуде әлсін-әлсін өз үлесімізді қоссақ деген мақсатпен 3 жылдан бері қызмет етіп келеміз. Мемлекет басшысының жариялаған мақаласында да осы мәселелер кеңінен қозғалған. Өзімізде білеміз бұған дейін экс-шенеуніктердің,қарапайым тұрғындардың балаларға, отбасында зорлық-зомбылық көрсетуінің қандай деңгейде белең алып жатқанын. Біз Президенттің осы тұрғыда оған қарсы екенін,заңның қатаңдап жатқанын естігенде қуандық. Болашағымыз саналы болсын, саналы ата-ана келешекте де қалыптассын десек, осы сәттен бастап олардың жан-жағы қауіпсіз болуы керек, - деді ол.

Сондай-ақ президентіміз көтерген зорлық-зомбылық мәселесі туралы да сөз етті.

Бұрын зорлық-зомбылық жағдайы тіркелгенде құқық қорғау органдары жәбірленуші тараптың арызын күтіп отыратын еді, өткен жылдың 1 шілдесінен бастап жәбірленуші тарап арыз бермесе де, қылмыстық іс қозғалатын болды. Және олардың екінші рет мәмлеге келуіне мүмкіндік бермейді. Бұл бір істі екінші рет қайталамауға қоғамға үндеу жариялданғанмен тең болды. Қасым-Жомарт Тоқаев та өз сұқбатында қазір зорлық-зомбылық туралы заң жобаларының әзірленіп жатқанын, осы жылы біз оны заңды күшіне енгізіп, бірнеше қатаңдатылған тәртіптерін көрсететін боламыз деген. Менің пікірімше,бұл бастамалар қоғамда осындай жағдайлардың азаюына әкеледі, - деп пікір білдірді Шәкизат Қаратайұлы.

Айтуынша, қоғамдық бірлестік де президенттің бұл бастамаларын қолдап, аталмыш мәселелерді шешу жолында көптеген шаралар ұйымдастырып келеді.

Біздің қоғамдық бірлестік республика бойынша 6 жоба жүзеге асырды. Қазіргі таңда республикамыздың 16 өңірінде филиалдарымыз бар және бірлестікке 130 мың ата-ана мүшелік етеді. Құрылғаннан бері қоғамдағы осындай мәселелермен күресіп, оның шығу себептерін зерттеп, шешімдерін ұсынумен айналысамыз. Сондықтан бірлестіктің миссиясы ел президентінің миссиясымен бір деп айтқым келеді, - деді бірлестік басшысы.

Шәкизат Қаратайұлы: Зорлық-зомбылық туралы заңның қатаңдайтынын оқып қуандық
Өзгелердің жаңалығы