Шахтинск қаласында Ұлттық ұланға қарасты "Орталық" өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісінің денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әскери қызметкер белдікке буынып қалған.
Қайғылы жағдайға қатысты ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады.
13 қазанда Шахтинск қаласында қызметтен тыс уақытта өзі тұрып жатқан пәтерден келісім шарт бойынша әскери қызметшінің денесі табылды. Болжамды ақпарат бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзіне-өзі қол жұмсаған. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Орталық" өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады, - делінген хабарламада.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.