Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шахтинск жастары су қоймасы жағалауын тазартты

8 Тамыз 2025, 18:09
439
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында "Жасыл ел" жастар еңбек жасағы Шахтинск қалалық Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, қаладан тыс орналасқан су қоймасы маңында экологиялық акция ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шахтинск жастары су қоймасы жағалауын тазартты

Шара барысында пластик пен шыны қалдықтары бар 50-ден астам қап қоқыс жиналды, жағалаудың 2 шақырымнан астам аумағы тазартылды. Сондай-ақ демалушыларға табиғатты таза ұстаудың маңызы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шахтинск жастары су қоймасы жағалауын тазартты

Акцияға еріктілер, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және қала тұрғындарын қоса алғанда, 60-тан астам адам атсалысты.

Шахтинск жастары су қоймасы жағалауын тазартты

Бұл бастама мемлекеттік мерекеге орай өткізілген іс-шаралар топтамасының бір бөлігіне айналып, жастардың экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы және азаматтық белсенділікті арттырудағы маңызды рөлін айқын көрсетті.

Шахтинск жастары су қоймасы жағалауын тазартты
Өзгелердің жаңалығы