Шахтадағы жарылыстан бір адам қаза тапты

Кеше, 19:19
830
Бөлісу:
Шахтадағы жарылыстан бір адам қаза тапты
Фото: Ақорда

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласындағы "Болашақ" шахтасында апат болып, салдарынан зардап шеккен жұмысшылардың бірі қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға салдарынан медициналық көмек үш жұмысшыға қажет болған. Олардың екеуінің жағдайы жақсарып, үйлеріне жіберілген.

Бір пациентке полиоргандық жеткіліксіздік диагнозы қойылып, ол санитарлық тікұшақпен көпсалалы облыстық ауруханаға шұғыл жеткізілді. Алайда, ол қайтыс болды, - деп хабарлады Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Белгілі болғандай, шахта жұмысы қайта жанданған.

Өзгелердің жаңалығы