Шахтадағы апат: Қаза тапқандардың саны 33-ке жетті

28 Қазан 2023, 19:13
577
Бөлісу:
Шахтадағы апат: Қаза тапқандардың саны 33-ке жетті
Фото: архив

Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада болған жарылыстан қаза тапқандар саны 33-ке жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қарағанды ​​облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев SARYARQA TV арнасында өткен брифингте айтты.

Ол алдымен қаза болған кеншілердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

Қазіргі уақытта Костенко шахтасында болған қайғылы оқиға 33 кеншінің өмірін қиды. Тағы 13-і із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Ақпарат түскен сәттен бастап біз барлық қызметтің әрекетін үйлестіру үшін жедел штаб құрдық. Алдын ала нұсқада өрт шыққаны айтылған. Лавада 252 кеншінің 208-і шығарылды, олардың 18-і медициналық көмекке жүгінді, - деді өңір басшысы.

Қазіргі күні зардап шеккендердің барлығы дәрігерлердің бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы