Шахтадағы апат: Өртте қалып қойған 3 кеншінің қайда екенін белгілі болды

18 Тамыз 2023, 13:30
686
Бөлісу:
Шахтадағы апат: Өртте қалып қойған 3 кеншінің қайда екенін белгілі болды
Фото: © Pixabay.com

Қарағанды облысының әкімінің орынбасары Вадим Басин Қазақстан шахтасындағы апаттан жоғалған 3 кеншінің қайда екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, екі шахтердің мәйіті бастапқы болған жерлерінен табылған.

Олардың көмек күткені байқалады. Неге олар шыға алмады? Өйткені олар құтқарушылар жетуі мүмкін емес аймақта болған, - деді спикер Қарағанды өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте.

Басин шахтада температура жоғары болып, қою түтінге оранғананын айтады.

Қозғалу мүмкін емес. Сол себепті кеше кешкісін ғана бірінші адамға, бүгін таңға жақын екінші адамға жете алды. Қазіргі уақытта қалған үш шахтердің жүйе ажыраған сәтте қай жерде болғанын білеміз. Оларға 3 топ жылжып барады, - деді Басин.

Өзгелердің жаңалығы