Шахтадағы апат: Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі шықты

28 Қазан 2023, 10:00
903
Бөлісу:
Шахтадағы апат: Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі шықты
Фото: gov.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі Костенко атындағы шахтадағы апатты жою және кеншілерді іздеу бойынша іс-шаралар жоспарын белгіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның хабарлауынша, Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов төтенше жағдайларды жою штабын басқару үшін оқиға орнына барды.

Аварияны жою жоспары енгізілді. Қосымша тау-кен құтқарушыларының күштері енгізілуде. 

Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің 50 адамы және 8 бірлік техникасы тартылды. Сондай-ақ, оқиға орнында ТЖМ бөлімшелерінің 22 қызметкері жұмылдырылған.

Айта кетейік, Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша, лавада газ метан жарылған. Соңғы мәліметтер бойынша 11 адам қаза тапқан.

Өзгелердің жаңалығы