Шахтадағы апат. Дәрігерлерге 13 адам жүгінген

17 Тамыз 2023, 14:34
478
Бөлісу:
Шахтадағы апат. Дәрігерлерге 13 адам жүгінген
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінен

Жер астында өрт болған "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында 224 қызметкер жер бетіне шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бес адамды іздестіру жалғасып жатыр.

Бастапқы ақпарат бойынша, апат орнында дәрігерлерге 13 адам жүгінген. Олар бас ауруы, жөтелге шағымдануда. Қазіргі уақытта төртеуі ауруханаға жатқызылды: екеуі Шахтинск орталық ауруханасына, екеуі Облыстық медициналық орталыққа, - делінген Қарағанды облысы әкімдігі таратқан хабарламада.

Хабарланғандай, 17 тамызда сағат 10:05 Д6 (көкжиек – 170 м) көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасы өртенді. 

Апатты жою жоспары енгізілді. Оқиға болған кезде жер астында 227 адам болған. Жұмысшыларды эвакуациялау қапталдағы оқпан арқылы жүргізілді. Оқиға орнында "КӘАҚҚ" РО бөлімшесі және ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде. Өрттің себептері анықталады.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев оқиға орнында.

Өзгелердің жаңалығы