Шахтадағы апат: 44 отбасы 10 жылдық жалақы алатын болды

15 Қараша 2023, 12:45
1023
Бөлісу:
Шахтадағы апат: 44 отбасы 10 жылдық жалақы алатын болды
Фото: автордан Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдерінің «Қарағанды облысында «АрселорМиталл Темиртауға» қарасты Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің отабасына қанша қаражат бөлдіңіздер» деген сауалдарына облыс әкімі жауап берді.

10 жылдық жалақыны есептегенде 3 млрд теңгеден асып отыр. «АрселорМиталл Темиртау» қаражат бөлді, 44 отбасы алды. Қалған екеуі құжаттарын жасап жатыр. Несие жайлы айта кетсек, 300 млн теңгеден астам қаржы кеншілердің өздерінің және отбасы мүшелерінің несиелерін жабуға бөлінді. Бұл жұмыс әрі қарай да атқарылатын болады. Жерлеу, мазарын көтеру сынды шығындарға қаржыны «АрселорМиталл Темиртау» төлеп отыр, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Өзгелердің жаңалығы