Шахтадағы апат: 35 адамның денесі табылды

29 Қазан 2023, 09:05
597
Бөлісу:
Шахтадағы апат: 35 адамның денесі табылды
Фото: ашық дереккөз

29 қазан, сағат 09:00-дегі мәлімет бойынша Костенко шахтасындағы апаттан 35 адамның денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта 35 адамның денесі табылды, олардың 29-ының денесі жер бетіне шығарылды, 11 кеншіні іздеу жалғасуда, - делінген ТЖМ мәліметінде.

Авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды.

Газ жағдайын бақылау жалғасуда.

Айта кетейік, Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша, лавада газ метан жарылған.

Тоқаев Үкіметке "АрселорМитталТеміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Сондай-ақ Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады.

Костенко шахтасындағы апаттың себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылып, "АрселорМиттал" АҚ мемлекет меншігіне өтетіні белгілі болды.  

Денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлер тобы зардап шеккен кеншілерге медициналық көмек көрсету үшін Қарағандыға жіберілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев та апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орын алған жерге барды.

Өзгелердің жаңалығы