Шахтадағы апат. 222 адам шығарылды

17 Тамыз 2023, 13:53
1085
Бөлісу:
Шахтадағы апат. 222 адам шығарылды
Фото: BAQ.KZ - архив

«Казахстанская» кенішінде 222 жұмысшы жер бетіне шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер астынан өрт шыққан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты «Казахстанская» шахтасында 222 адам жер бетіне шығарылды.

Бұрын хабарланғандай, 17 тамыз күні сағат 10:05-те D6 көмір баурайында (горизонт – 170 м) жұмыс орнында конвейер тұтанған. Төтенше жағдайды жою жоспары әзірленді. Оқиға кезінде жер астында 227 адам болған. Жұмысшыларды эвакуациялау бүйірлік оқпан арқылы жүзеге асырылды. Оқиға орнында ТЖД «КӘТҚҚ» және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталатын болады, - деді компанияның баспасөз қызметі. 

Өзгелердің жаңалығы