Сағат 15.00 жағдай бойынша 28 адамның денесі табылды, 18 кеншіні іздеу жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«АрселорМитталТеміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды.