Шахтадағы апат. 166 адам шығарылды

17 Тамыз 2023, 13:08
871
Бөлісу:
Шахтадағы апат. 166 адам шығарылды
Фото: BAQ.KZ - архив

Апат болған «Казахстанская» шахтасынан 166 адам жер бетіне шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Казахстанская» шахтасында сағат 12.22-дегі ақпаратқа сәйкес, оқпандардан 166 адам жер бетіне шығарылды. Апат кезінде шахтада 227 адам, жер бетінде 75 адам болған, - делінген "АрселорМиттал Теміртау" баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, бүгін сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ КД "Қазақстан" шахтасында Д6 (горизонт – 170 м) көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасының өртенген, апатты жою жоспары енгізілген болатын.

Өзгелердің жаңалығы