Венесуэлада шахта қирап, салдарынан кемінде 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ABC News телеарнасына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай Венесуэланың Эль-Кальяо ауданында орын алған. Алтын кенішінде шахта ортасына құлап, адамдар зардап шеккен. Апат елдің оңтүстік-шығыс аймағындағы нөсер жаңбырдан кейін болған.
Шахтада іздестіру-құтқару жасағы жұмыс істеуде. Аман қалғандар болуы мүмкін деген болжаммен іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.